Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қазақстанда темір жол билеттері қымбаттайды

AstanaTV
29.12.2017ж. 20:00
3976
Қазақстанда темір жол билеттері қымбаттайды

Қазақстанда темір жол билеттері қымбаттайды. Бұл туралы Инвестициялар және даму министрлігі хабарлап отыр. Яғни алдағы жылы бірқатар бағыттар бойынша теміржол билеттерінің бағасы жоспарлы түрде көтеріледі. Бұл өзгеріс тасымалдаушылар шығынының өсуіне байланысты және маршруттарды сақтап қалу мақсатында жасалып отыр. Тарифтерді түзету күтілетін инфляция шегінен аспайды деп жоспарланған.

Сонымен, 38 пойыз бағыты бойынша билет бағасы 7%-ға, 3 бағыт бойынша 3%-ға өседі, деп күтіліп отыр. Ал, 16 бағыттың билет құнында өзгеріс болмайды. Қала маңына қатынайтын пойыздардың тарифтік өсімі 37%-ды құрайды. Бұл аталған бағыттағы пойыздарда жолаушы тасымалдауда базалық ставкалардың ұлғаюына байланысты, - деп хабарлады министрлік.