Керекулік
шенеуніктерден отызға жуық құнды сыйлық алынды. Арнайы рейд өткізген
мемлекеттік қызмет агенттігінің өкілдері атқамінерлердің кабинеттерінен әр
түрлі тарту-таралғыны анықтап, тәркіледі. Алынған кәделер тәуелсіз сарапшылармен бағаланып жатыр. Нақты құны
белгілі болған соң, бұл заттар электрондық саудаға шығарылып, сатылмақ. Мұндай
рейд Павлодарда алғаш рет ұйымдастырылды.
Агенттік өкілдері шенеуніктерге Жаңа
жыл мерекесі қарсаңында еш ескертусіз келгенін айтады. Анықталғандай, тексеріс
жүргізілген отыз мемлекеттік мекемеден 26 бағалы зат тәркіленді. Олар -
картиналар, түрлі жәдігерлер, гүлсауыттары мен жапон қылыштары. Айта кетері,
анықталған тарту-таралғылардың кейбірін шенеуніктер мемлекеттік органға өз еркімен
тапсырған.
Қанат Қабжәмитов, Павлодар облыстық мемлекеттік қызмет және СЖҚК департаментінің баспасөз хатшысы:
Сыйлықтың
бағасы 2 айлық есептік көрсеткішке дейін
болса, бұл шамамен 5 мың теңге, онда мемлекеттік қызметкер әкімшілік жауапқа
тартылады. Ал егер тарту-таралғының құны екі айлық есептік көрсеткіштен асып
кетсе, онда шенеунік қылмыстық жазаға да тартылуы мүмкін. Әзірге біздің облыста
мұндай жаза алғандар жоқ.