Сырдария өзені ескі арнасынан асып, Қызылорда облысындағы бірқатар елді мекендерге қауіп төндірді. Арнаға кептелген мұздың әсерімен көтерілген су саяжайдағы 9 үйдің ауласына жайылған. Олардың екеуінде адамдар тұрады екен. Мамандардың сөзінше, бүгінде өзен арнасын бекіту жұмыстары жүріп жатыр. Арнайы техниканың көмегімен канал жағасының 100 метрі топырақпен бөгелді. Саяжай судың жолында орналасқандықтан, осы аумақтағы тұрғындарға су басу қаупі бар екені ескертіліпті. Су басқан жағдайда жиналу орындары мен жануарларды қалай көшіру керектігі түсіндірілген. Сондай-ақ Прудхоз елді мекені маңында екі адамның суға батқаны туралы хабар тарады. Өкінішке орай, олардың біреуін құтқару мүмкін болмады, екінші азамат құтқарушылардың көмегімен аман қалды. Кейін олардың малшылар екендігі анықталды.
Серік Сермағамбетов, Қызылорда облысы "Апатты жағдайларды жедел сараптау орталығы" директоры:
Кешегі
жаңбырлы күндері мұздың кей жерлерде бұзылуы байқалып, әр жерде кептеліс
болып, жоғарыдағы саяжайларда өздері олар
су басу аймағында орналасқан. Сол жердерді су басты. Ол жерде ешкім тұрмайды, кеше екі үйде адам қалған екен, оларды шығарып, қауіпсіздік шараларын орындадық.