Негізгі / Жаңалықтар / Астанада Аяз Атаның жүлдесі үшін конькишілер жарысы өтті

Астанада Аяз Атаның жүлдесі үшін конькишілер жарысы өтті

Астанада осымен алтыншы жыл қатарынан Аяз Атаның жүлдесі үшін жарыс өткізілуде. Бұл сайыстың ресми сипаты болмағанымен, бағын сынағандар жеңіске жету үшін барын салды. Жарыс жолына Елордадағы балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектептерінің 70-ке тарта шəкірті шықты. Жас ерекшеліктеріне қарай үш топқа бөлінген спортшылар 100, 300 жəне 500 метр қашықтыққа конькимен сырғанады. Ал жеңімпаздарға түрлі тəттілер сый ретінде таратылды. Тартуды алуға талпынған балалар намысты қолдан бермеуге тырысты.

Мен үшін жарыстың бəрі маңызды. Сондықтан қара үзіп, озып келуге тырысамын. Бүгінгі нəтижем көңілімнен шықты. Аяз Атадан тілерім - кəсіби конькиші болғым келеді.