Негізгі / Жаңалықтар / Зарина Дияс пен Мария Шарапова Шэньчжэн турнирінде ширек финалда ойнайды

Зарина Дияс пен Мария Шарапова Шэньчжэн турнирінде ширек финалда ойнайды

Зарина Дияс Шэньчжэн турнирінің ширек финалына шықты. Қытайда өтіп жатқан сайыста Қазақстан теннисшісі 3 сетте корт қожайыны Шуай Чжанды жеңген болатын.  Есеп- 6:3, 5:7, 6:4.

WTA рейтингінде 66 орынға тұрақтаған Дияс келесі кезеңде әлемнің экс-бірінші ракеткасымен ойнайды. Сайысқа жақында ғана оралған Мария Шарапова әлемдік табельде 59 орында. Екінші айналымдағы  матчта ресейлік спортшы американдық Элисон Рискені жеңді. Зарина Диясқа келсек, ол жеңістер саны бойынша Шараповадан қалып тұр. Яғни 30 жастағы теннисшіге біздің отандасымыз екі рет есе жіберген.