$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының электронды нұсқасын Ақорданың ресми сайтынан жүктеп алуға болады

AstanaTV
04.01.2018ж. 20:00
5047
Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының электронды нұсқасын Ақорданың ресми сайтынан жүктеп алуға болады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының электронды нұсқасын Ақорданың ресми сайтынан жүктеп алуға болады. Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі хабарлады. Аталған кітаптың тұсаукесері Тәуелсіздік күні қарсаңында өткен.

Мемлекет басшысының бұл еңбегінде отанымыздың жаңа тарихы мен оның ертеңіне деген автордың көзқарасы қамтылған. Туынды тарихи публицистика жанрында жазылған, қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген. Алғысөзі «Бұл кітап менің ұлы қолдаушым, кемел келешегіне өзінің қазақстандық жолымен қарыштаған жасампаз халқыма арналады!» деп басталған. Мазмұны аса бай шығарма 4 бөлімнен тұрады. Олар -  "Мемлекетіміздің дүниеге келуі, "Ұлы бетбұрыс", "Қияға құлаш сермеу" және "Қалыптасқан мемлекет" деп аталады.