Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

АҚШ президенті Атлантика мен Арктикада мұнай бұрғылауға рұқсат беруді жоспарлап отыр

AstanaTV
05.01.2018ж. 20:00
2986
АҚШ президенті Атлантика мен Арктикада мұнай бұрғылауға рұқсат беруді жоспарлап отыр

Ал осы тұста АҚШ президенті Дональд Трамп Атлантика мен Арктикада мұнай бұрғылауға рұқсат беруді жоспарлап отырғанын хабарлады, деп жазады, Bloomberg. Мақалада Тынық мұхиты құқығын сату тұралы айтылған. Жоспарға қатысты ресми ақпар бірер күнде жарияланбақ. Агенттіктің ақпарынша, көпшіліктің талқылауы мен экологиялық бағалаудан кейін оның мазмұны өзгеріске ұшырауы ықтимал. Елдің батыс жағалауындағы Калифорния, Орегона мен Вашингтон штаттарының заң органдары бұрғылауға қатысты жаңа құқықтың сатылымына қарсы.

Еске салсақ, 2016 жылы желтоқсанда АҚШ-тың экс-президенті Барак Обама Атлантика және Солтүстік Мұзды мұхитында мұнай бұрғылауға шектеу қойған. Алайда, оның мерзімі белгіленбеді. 2017 жылдың наурызында Трамп әкімшілігі Мексика шығанағындағы кен орындары учаскелерін жалға беру туралы шешімін жариялады.