«Әділет» партиясының Алматы облысындағы шығармашылық қауымдастық өкілдерімен кездесуде «Креативті экономика туралы» жеке заң әзірлеу ұсынылған еді. Қазір бұл бастама партия фракциясы депутаттарының заң шығару жұмысы аясында қаралып жатыр. Осыған байланысты партияда заң жобасын талқылауға арналған жиын өтті. Оған мемлекеттік орган өкілдері, депутаттар, кәсіпкерлер мен шығармашылық қауымдастық мүшелері қатысып, саланы дамытудың нақты тетіктерін ұсынды. Қазір Қазақстанда креативті индустрияда 228 мыңнан астам адам еңбек етеді. Ал осы бағытта 67,5 мың кәсіпкерлік субъектісі бар. Талқылау барысында шығармашылық бизнеспен айналысатындарға салықтық жеңілдіктер беру, зияткерлік меншікті кепілге қойып қаржы алу және авторлық құқықты қорғау мәселелері көтерілді.
ГҮЛІСХАН НАХБАЕВА, ҚР ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, "ӘДІЛЕТ" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Креативті индустрия саласының өкілдеріне нақты қолдама тетіктері әзірленіп, және де ол эффективті түрде жұмыс жасауы керек. Өңірлік деңгейде инвестиция тарту мәселесіне де келетін болсақ, жалпы креативті бизнес секторын, жалпы қолдау мәселелері оның ішінде салықтық режимін қарастыру. Әрине ең басты мақсатымыз таланттардың идеяларын ойларын, және де өнімдерін ішкі нарықтан, халықаралыққа шығару болып табылады.