Ескі
көліктерді утильдеу бағдарламасы басталғалы қазақстандықтардан 47 мың 111 темір
тұлпар қабылданды. Энергетика министрлігі мен РОП операторы бағдарламаның
қорытындысын жариялады, - деп жазады Информбюро.
Толық жинақталған көлік үшін 150 мың, ал жартылай жинақталғандарына 48
мың теңге өтемақы тағайындалған. Жалпы, көлік иелеріне 5,98 млрд теңге төленді.
Сондай-ақ жеңілдікті сертификатпен көлік қабылдау акциясы аясында 7239
сертификат берілген. Оның 5239-ы жаңа темір тұлпар сатып алуға пайдаланылған.
Бағдарлама аясында Қазақстанда құрастырылған үш мыңға жуық көлік сатылды.
Сертификаттар саны бойынша Шымкент қаласы көш бастап тұр, яғни - 1216 көлік.
Екінші орында Қостанай - 971 және Алматы
- 867 көлік тапсырған.