Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Алматыда медициналық мекемелер сандық жүйеге көшеді

AstanaTV
04.01.2018ж. 20:00
2875
Алматыда медициналық мекемелер сандық жүйеге көшеді

Науқастар туралы деректер бірегей мәліметтер базасында сақталады. Ол медицина саласына енгізіліп жатқан ақпараттық технологиялардың көмегі арқылы басқарылмақ. Мұндай жаңалық Алматыда мәжіліс депутаттарына таныстырылды.

Ақпаратты белгілі бір аурухананың ішінде ғана алмасуға мүмкіндік бар. Бұдан былай ауырған адам өзге емдеу орнының білікті дәрігерлерінен онлайн кеңес ала алады. Ол үшін барлық медициналық мекемелерге ортақ мәліметтер базасы қол жетімді болады. Алғашқы болып жүйені кардиологиялық орталықтың дәрігерлері қолдана бастады. Биыл жыл соңына дейін барлық ауруханалар мен емханалар қамтылады. Жүйені жетілдіруге 2003 жылдан бері 9 млрд теңге жұмсалған.

Гүлмира Исимбаева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының жетекшісі: 

Жедел жәрдеммен әкеле жатқан кезде ақпарат түссе, себебі бұл кардиологиялық операция жасайтын жер ғой. Мұнда әр минуттың құны қымбат деуге болады. 

Ал Павлодарға келген нұротандық депутаттар бюджеттің 4-ші деңгейін енгізу мәселесіне тоқталды. Аймақта тұрғындар саны екі мыңнан асатын 32 елді мекенде дербес өзін-өзі басқару бюджетін қалыптастыру жұмыстары аяқталған. Депутаттарды жаңа заңның қаншалықты орындалып жатқаны қызықтырды. Олардың айтуынша, бюджетті игеру ісінде ауыл әкімдері ғана емес, тұрғындардың да үлесі зор.

Айзада Құрманова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Жергілікті қауымдастық бұл бюджеттің жоспарлауынан бастап, бюджетті игеру, атқару және оған тиімді мониторинг жасау процестерінің барлығына белсенді түрде қатысуы керек.