Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Бишімбаев алғаш рет сот алдында куәгерлік етті

AstanaTV
08.01.2018ж. 20:00
2824
Бишімбаев алғаш рет сот алдында куәгерлік етті

Қуандық Бишімбаев қамауға алынғалы бері алғаш рет сот алдында куәлік етті. Ең алдымен  президенттен кешірім сұрады. "Маған сенім артып, жоғары деңгейде қызмет етуге мүмкіндік бергені үшін, Елбасына алғыс білдіремін, сенімін ақтамағаныма қатты қынжыламын", - деді. Экс-министр өзіне тағылған айыптармен келіспейтінін, кінәсін мойындамайтынын тағы да қайталады.

Айта кетейік, Бишімбаевқа қатысты сот процесі Астананың мамандандырылған ауданаралық сотында өткен жылы қарашада басталған. Онымен бірге тағы 22 адамның ісі қаралып жатыр.

Диана Сапарқызы, тілші:

Аты шулы істің басты фигуранты Қуандық Бишімбаев денсаулығының сыр бергеніне  қарамастан, бұл процеске тыңғылықты дайындалған көрінеді. Бірнеше томнан тұратын істің әр деталін зерттеп, алдында жауап алынған күдіктілердің сөзіндегі шындыққа жанаспайтын тұстарды анықтаған. Экс-шенеуінік өз күәгерлігін  Елбасынан кешірім сұраудан бастады. Өзіне артылған зор сенімді ақтай алмағанына өкініш білдірді.

Қуандық Бишімбаев: 

Нурсултан Абишевич Назарбаев - для меня лидер, глубоко преданный интересам граждан Казахстана. Его примеры и его доверие, оказанные мне, были мне самым большим стимулом  в работе. Я осознаю, что виноват перед Президентом.

Сондай-ақ бүгін ол өзіне тергеушілер тарапынан қысым көрсетілгенін сот алдында жайып салды.

Қуандық Бишімбаев: 

Олар маған "бәрін мойында, әйтпесе, ұзақ мерзімді жаза аласың" деді. Бар кінәні маған жапқысы келетіндерді де түсінуге болады. Тергеушілер "саған қысқа мерзім беріледі, соттың шешіміне әсер ете аламыз " деп айтса, қамауда отырған адам сенеді. 

Сот барысында Қосшыдағы зәулім үйдің мәселесі тағы қозғалды. Бишімбаевтың айтуынша, баспанаға 5 адам қаржы шығарып, бірігіп салған көрінеді. Ал қорғаушы, ол үй  ешікімнің атына тіркелмегенін айтты.

Мәди Мырзағараев, қорғаушы:

Бірге пайдалану үшін салынған нысан. Әрине Жакуповтың, Жақсыбаевтың, Анарбайдың жауаптарымен түбегейлі келсіпейді. Олардың жауаптарының жалған екнін, шындыққа сай келмейтіндігін сотқа жеткізілген, соттағы құжаттарға сүйене отырып, дәлелдеп беріп отыр.

Экс-шенеунік «Бәйтерек Девелопмент» холдингі төңірегіндегі сыбайлас жемқорлыққа да қатысы жоқ екенін айтты. Яғни холдингтің экс-төрағасы Жақсыбаевтан және өзге де тұлғалардан пара сұратып, алдырмағанын мәлімдеді.

Диана Сапарқызы, тілші:

Еске салайық,ұлттық экономика министрі лауазымын сегіз ай атқарған Бишімбаев осыдан тұп-тура 1 жыл бұрын 2017 жылдың 10 қаңтарында "алдын ала сөз байласу арқылы аса ірі көлемде бірнеше рет пара алды" деген күдікке ілініп ұсталған. Тергеу барысында Бишімбаевтің қамау мерізімі бірнеше рет ұзартылды. 250 томнан тұратын қылмыстық іс бойынша экс-шендіден өзге 22 адам айыпталды. Аты шулы іске нүкте қойылатын уақыт та алыс емес секілді.