$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Жартылай финалға өте алмады

Жартылай финалға өте алмады
Сали Сабиров

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында шорт-тректен аралас эстафетада ширек финалдық жарыстар өтті.

Қазақстан құрамасы соңғы, үшінші жарыста өнер көрсетті. Абзал Әжіғалиев, Денис Никиша, Ольга Тихонова және Яна Хан төртінші нәтиже көрсетті.

Айта кетейік, әрбір жарыстан алғашқы екі команда жартылай финалға жолдама алды. Сонымен қатар үшінші орын алған командалардың арасынан ең жақсы уақыт нәтижесін көрсеткен тағы екі құрама да келесі кезеңге өтті.

Осылайша, ұлттық құрама бұл олимпиадалық сайыс түрінен өнер көрсетуді аяқтады.