АҚШ
Президенті Дональд Трамп 2020-шы жылы өтетін президент
сайлауына қатысып, тағы бір мәрте бақ сынап көрмек. Бұл туралы Ақ үй өкілі
Хоган Гидлиге сілтеме жасап, Рейтерс
хабарлады. Трампқа, әу баста жоспарлаған әрекеттерін толық жүзеге асыру үшін, уақыт қажет болатын сыңайлы. Оның ішінде Мексикамен шекаралас аймаққа қабырға
тұрғызу да бар. Трамп бүгінде танымалдылықтың ең төменгі сатысына жайғасқан.
Соңғы есеп бойынша американдықтардың 37% ғана елдің басшысына сенеді. Washington Post
таратқан мәліметке сай, бұл соңғы 70 жылдағы ең нашар көрсеткіш.
Ал Ресейдің
орталық сайлау комиссиясы өзін-өзі ұсынған кандидаттардан келіп түскен
құжаттарды қабылдауды тоқтатты. Енді құжаты қабылданған онға жуық адам тіркелуі
тиіс. Ол үшін әрқайсысы кемінде 300 мың қол жинауы шарт. Әзірге Владимир
Жириновский ғана тіркеуден өтті. Оны парламенттік партия ұсынғандықтан, қол
жинаудың қажеттілігі жоқ. Еске салайық, Ресейде президент
сайлауы 18 наурызда өтеді.