Шымкентте жылу құбырларының 60 пайызы жаңалауды қажет етеді. Бұл туралы шахарды жылумен қамтамасыз ететін "Қуат жылу орталық-3" мекемесінің өкілі айтты. Қаладағы 500 шақырымға жуықтайтын желілердің басым бөлігі соңғы отыз-қырық жылдан бері ауыстырылмаған.
Жағдай Алматыда да мәз емес. Әбден тозығы жеткен құбырлардың жарылуы жиі орын алады. Мәселені аймақтардағы тілшілеріміз зерттеп көрген еді. Алдымен шымкенттік әріптесім Айзада Төребеккқызы сөз алады.
Айзада Төребекқызы, тілші:
Өткен
қыста Шымкентте 251 апатты жағдай орын алған. Ал, биылғы жылыту маусымында құбырлардың тозығы жетіп, істен шығуынан
жүйеде 38 ақау шықты. Оның екеуі магистральдық желіде болған.
Инженерлік коммуникациялық жүйедегі ақаудың бірі өткен демалыста тіркелді. Қаланың қақ ортасында түн ішінде ыстық су атқылады. Биіктігі 4-5 метрге жететін ыстық бұрқақтан айнала буланып кетті,-дейді куәгерлер. Салдарынан осы құбыр арқылы жылытылатын көпқабатты сегіз үйдың тұрғындары бірнеше сағат жылусыз қалды.
Пердебай Сәбитов, «Қуат жылу орталық - 3» МКМ бас инженері:
Қондырғының клапаны ішке түсіп кеткен, задвижканың клапаны ішке түсіп кеткен. Соны жаңартып, қайтадан ауыстыруға 4-5 сағат уақыт кетті. 8 үйдей ол жерде жылу алып тұратын еді. Таңғы сағат төрттерде біз апатты жағдайды іске оңына келтіріп оңдап, төртте жылуды беріп жібердік.
Мамандардың дерегінше, жылу жүйелерін жаңалау Шымкентте соңғы он жылдан бері қолға алына бастады. Әзірге шаһардағы 800 шақырымдай трассаның небәрі 40 пайызы ауыстырылған.
Пердебай Сәбитов, «Қуат жылу орталық - 3» МКМ бас инженері:
Биылғы жылға жоспарға біздің қойып отырғанымыз 70 км құбырларды ұсынып отырмыз. Ол енді бюджеттен бекітіліп келеді, қаншасы бекітіліп келсе, соны біз ауыстырып, жаңалап қоямыз деп отырмыз. 2015 жылы 50 км-дей құбыр жаңаланған, 2016 жылы 70 км құбырлар жаңаланған.
Айзада Төребекқызы, тілші:
Айта кетейін, Шымкентте 1811 көп қабатты тұрғын үй орталықтандырылған жылу жүйесінен жылытылады. Бұдан бөлек балабақша, мектеп, аурухана сынды үш жүзге тарта бюджеттік мекеме бір қазандыққа тәуелді. Мамандар бар мәселе қаржығы кеп тірелетінін айтады. Тозығы жеткен құбарлардың жайы Алматыда да өзекті күйінде қалып отыр. Ендеше әріптесімді тыңдасақ, Ришат сөз кезегі өзіңде.
Ришат Асқарбекұлы, тілші:
Иә, Айзада. Алматының жылу құбырларында апат жиі болады. Шаһарда 1174 шақырым жылу желісі есепке алынған. Оның ішінде тозығы жеткен құбырлардың үлесі - 63 пайыз. Яғни қызмет ету мерзімі 25 жылдан асып кеткен.
Ыстық су жүретін құбырдың жарылу оқиғасы соңғы рет былтыр 24 қарашада орын алды. Райымбек даңғылы мен Өтеген батыр көшелерінің қиылысында диаметрі 80 сантиметрлік құбыр қысымға шыдас бермеген. Абырой болғанда, адам шығыны болмады. Бірақ 100-ден астам нысан бірнеше күн ыстық су мен жылусыз қалды. Оның ішінде әлеуметтік мекемелер де бар.
Ян Гирин, Алматы қаласы ТҮКШ жылу-энерго кешендерінің ресми өкілі:
Жылу құбырларында болатын штаттан тыс жағдайлар Алматы үшін қалыпты. Бірақ былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда біршама азайғаны байқалды. Себебі құбырлар біршама жаңартылды. Жылыту маусымы басталған 3 қазаннан бүгінге дейін әртүрлі дәрежеде 204 оқиға тіркелді. Оның екеуі ірі апатқа жатады.
Алматыда көптеген жылу желілері төлқұжаты бойынша 90-шы жылдары жаңартылуы керек болатын. Экономикалық жағдай түзелгелі шаһардағы жер асты құбырларын ауыстыру жанданды. Жылуэнергокешендері ресми өкілінің айтуынша, былтыр жылу жүйелерін ауыстыру жөнінен соңғы 25 жылда болмаған рекорд орнады. 32 шақырым жер асты құбырлары қайта төселген. Нәтижесінде апаттар 3 пайызға, жылудың сыртқа кетуі 2,5 пайызға азайған.
Ришат Асқарбекұлы, тілші:
Жер асты жылу құбырларының жарылуынан зардап шеккендер де жоқ емес. 2014 жылы жылу жүйесіндегі апатта атқылаған ыстық судан бес адам күйіп қалған еді. Ал зейнеткер Жұман Есенбеков ауруханада көз жұмған. Айта кетейік, Алматыда халықты жылумен қамтамасыз ететін үш ірі кәсіпорын бар.
Ришат
Асқарбекұлы