Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Қытайлық компаниядағы дау: қылмыстық іс қозғалды

AstanaTV
09.01.2018ж. 20:00
3531
Қытайлық компаниядағы дау: қылмыстық іс қозғалды

Қытайлық «Сибу-Қызылорда» инженерлік бұрғылау компаниясының жұмысшылары кадр бөлімі басшысының әрекетіне наразы. Айтуларынша, компанияда жұмыс істейтіндер вахтаға тек ақша берсе ғана кіре алады екен. Бұл бойынша әкімдікке, ішкі істер органы мен прокуратураға шағым жолданған. Қылмыстық іс те қозғалыпты. Әріптесім Шарипа Сақтапованың репортажы.

Әр вахтаның алдында үрей мен қорқыныш бойымызды билейді, деген жұмысшылар ертеңгі күніне алаңдаулы. Өйткені олардың келесі вахтаға бару-бармауын кадр бөлімінің басшысы шешеді.  

Абай Әбсаттар, «Сибу-Қызылорда» инженерлік бұрғылау компаниясы ЖШС жұмысшысы:

Звондап, балаларды қорқытып жатыр: сендер мені ала лмайсыңдар, менің крышам бар, құзырлы органдарда адамдарым бар, арыздарыңды алыңдар деп, бізді қорқытып жатыр ғой. Әлия деген отдел кадрдың бастығы іштегі.

Жұмысшылардың жанына бататын тағы бір мәселе - жалақы жайы. Орташа еңбекақымыз 60-70 мың теңгеден аспайды деп ашынады олар. 

Нұржан Айтпенбетов, «Сибу-Қызылорда» инженерлік бұрғылау компаниясы ЖШС жұмысшысы:

Квартальныйды алып тастады, праздничный жоқ, ештеңе қосылмайды қазір. 3 балам бар, кредитім бар басымда, пәтер жалдап тұрамын, жетпейді, сөздің ашығына келгенде. Айлық көтерсе екен деп ойлаймын.

Жұмысшылар кадр бөлімі басшысының қызметтен кетуін талап етеді. Серіктестік директорымен кездесу өткізілсе, жалақыны көтеру мәселесін айтуды жоспарлаған. Сол басқосуды "Нұр Отан" партиясы ұйымдастырды. Оған барлық тараптың өкілдері қатысты.

Ван Дося, «Сибу-Қызылорда» инженерлік бұрғылау компаниясы» ЖШС басшысы:

Қәзір Әлия Егембердиеваны жұмыстан шеттету туралы шешім қабылданды. Ол ешкімнен ақша алмағанын айтады. Ал жұмысшылар, керісінше, ақша бердік дейді. Құзырлы органдардың осы істі шешуге көмектесуін сұраймыз 

Нұрлан Анарбаев, Қызылорда облыстық ІІД бастығының орынбасары:

Қылмыстық іс қозғадық екі факті бойынша - мошенничество мен заңсыз сыйақы алу. Тергеу топ құрылып, олардан жауап алынды. Қәзіргі кезде Егембердиева ханымнан да жауап алынып, толық тергеу әрекеттері жүріп жатыр 

Еңбек саласын бақылаушы органның өкілдері де бұзушылықтың орын алғанын растап отыр.

Ертілеу Жалғасбаев, Қызылорда облысы еңбек саласындағы бақылау басқармасының басшысы:

Тексеру жүргізілді. Қорытындысымен еңбек инспекторы төрт жұмысшының, төрт арызданушының еңбек демалыстарының уақыты берілмегендігі және үш жұмысшының отпускнойлары уақытынан кешіктіріліп төленгендігі анықталды. Соңымен қатар вахталық кесте кәсіпорында жасалмағандығы, бекітілмегендігі анықталды.

Жалпы «Сибу-Қызылорда» компаниясында бірнеше рет салық төлеуден жалтару фактісі  тіркелген. 2014-2017 жылдар аралығында серіктестіктің берешегі 1 миллиард тенгеден асқан. Бұл қаржыны компания бюджетке өз еркімен төлеген соң, қылмыстық іс қысқартылған. 

Шарипа САҚТАПОВА