Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Н. Назарбаев пен Д. Трамп 16 қаңтарда кездеседі

AstanaTV
10.01.2018ж. 20:00
2485
Н. Назарбаев пен Д. Трамп 16 қаңтарда кездеседі

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтонда 16 қаңтарда кездеседі деп жоспарланған. Онда экономикалық ынтымақтастық және аймақтық қауіпсіздік мәселелеріне қатысты стратегиялық әріптестікті нығайту жолдарын талқыламақ. Бұл туралы Ақ үй  хабарлады. 

Күн тәртібінде Ауғанстан мәселесін шешудегі Қазақстанның көшбасшылық позициясы мен жаппай қырып-жою қаруын таратпау мәселелері де бар. Үш күндік ресми сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаев Американың ресми және іскер қауымымен де кездеседі деп күтіліп отыр. Сонымен қатар БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысына қатысады.

Айта кетерлігі, бұл Нұрсұлтан Назарбаев пен Дональд Трамптың алғашқы ресми кездесуі. Бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаев Құрама Штаттардың өзге басшыларымен бірнеше мәрте кездесті.

Ал бүгін Ақорданың баспасөз қызметі Елбасының Америкаға 1992 жылы жасаған алғашқы сапарынан мұрағаттық бейнематериалдарды жариялады. Ол кезде АҚШ-ты Джордж Буш басқарып тұрған еді.