Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Ұлттық Ұланның құрылғанына 26 жыл

AstanaTV
10.01.2018ж. 20:00
3546
Ұлттық Ұланның құрылғанына 26 жыл

Ұлттық Ұланның құрылғанына 26 жыл. Осы уақыт аралығында құқықтық тәртіп әскері ел тыныштығын абыроймен қорғап келді. Тіпті бейбіт күнде жанын қиғандар да бар.  Мереке қарсаңында қызмет барысында ерлік көрсеткен сарбаздар марапатталды. Жауапты қызметтің ардагерлері келіп, кейінгі буынға ақыл-кеңестерін берді.

Мұхаметқали Сатов, ҚР Ұлттық Ұлан бас қолбасшысының орынбасары: 

26 жылда біздің Ұлттық Ұлан, бұрынғы ішкі әскеріміз өзіне жүктелген заң мен міндеттерді халықтың алдында, Елбасының алдында орындап келеді. Біздің сарбаздар мен офицерлер қазір қарауыл мен күзетте жүр. Сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтап келеді.

Сондай-ақ мереке қарсаңында Астанадағы 66\36 әскери бөлімінде 150-ге жуық сарбаз салтанатты түрде ант қабылдады. Бұл маңызды шараға Қазақстанның бірнеше аймағынан ата-аналар мен жас ұландардың туыстары да арнайы келген.

Шолпан Тұрғынбекова:

Ер жігіт Отан алдындағы борышын өтеуі керек деп ойлаймын мен өзім. Мына балам алдында бармаймын деп жүрген. Өз еркімен оқуын бітірді де, бір-ақ күнде ана мен әскерге барамын деп жиналды да, кетіп қалды.

Нұрлан Тәжібаев, жас сарбаз:

Әскерден кейін өз мамандығыммен жұмысқа, немесе осы әскер сапында келісіммен қызмет етсем, Отанға қызмет етсем деймін.