Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қазақстан Корея Республикасы мен КХДР арасындағы жоғары деңгейдегі келіссөздерді құптайды

AstanaTV
10.01.2018ж. 20:00
5215
Қазақстан Корея Республикасы мен КХДР арасындағы жоғары деңгейдегі келіссөздерді құптайды

Қазақстан Оңтүстік Корея мен Корей Халық Демократиялық Республикасы арасындағы жоғары деңгейдегі келіссөздерді құптайды. Тараптардың қарым-қатынасты жақсарту ниетін жоғары бағалайды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді. Ресми хабарламада Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы ретінде барлық мүдделі тараптарды Солтүстік Кореяның ядролық және баллистикалық бағдарламалары бойынша келіссөздерін қайта қозғауға шақыратыны жазылған. АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Стив Голдштейн, көрші елдер арасындағы диалог «Корей түбегіндегі ядролық қаруды жоюға жақсы қадам» деп пікір білдірді. Бүгін тарихи келіссөздің екінші күні. Сеул мен Пхеньян алғаш рет КХДР-ға қарсы санкцияларды түбегейлі жою туралы айтады.