Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Шет ел банктеріне заңсыз шығарылған қазақстандық 56 миллион доллар бұғатталды

AstanaTV
04.08.2017ж. 20:00
1986
Шет ел банктеріне заңсыз шығарылған қазақстандық 56 миллион доллар бұғатталды

Шетел қаржы институттарына заңсыз шығарылған қазақстандық 56 миллион доллар толығымен сот шешімімен бұғатталды. Қазір оларды елге қайтару жолдары қарастырылып жатыр. Бұл туралы бүгін Бас прокуратурада өткен «Қаржылық қылмысты тергеу проблемалары» бойынша халықаралық семинар барысында айтылды.

Алайда, қаржыны отандық бюджеке қайтару үшін кемі 5-10 жыл уақыт керек, дейді мамандар. Себебі қыруар қаражатты шығарып үлгергендер Еуропаның мықты адвокаттарын жалдап, оңайлықпен берілмей жатқан көрінеді. Олардың ішінде бұрынғы қазақстандық шенеуніктер де бар. Сот жүріп жатқандықтан, олардың аты-жөні айтылмайды.

Дияс Ибрашев, ҚР Бас прокурорының аға көмекшісі:

56 млн доллар бойынша қылмыстық істер әлі де жүріп жатыр. Жемқорлық бойынша ұрланған ақшалар. Біз оларды Испания, Андора, Ұлыбританияда, Швейцарияда бұғатқа алғанбыз.