Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Тоқтар Төлешовтен тәркіленген жылқылар сатылуы мүмкін

AstanaTV
16.01.2018ж. 20:00
4369
Тоқтар Төлешовтен тәркіленген жылқылар сатылуы мүмкін

Шымкентте спорт басқармасының балансындағы Тоқтар Төлешовке тиесілі болған жылқылардың тең жартысына жуығы сатылуы не болмаса өзге мекемелерге берілуі мүмкін. Мұны аймақтағы балалар мен жасөспірімдерге арналған мамандандырылған ұлттық спорт мектебінің басшысы айтты. Директор Ғани Ахметбаевтың айтуынша,Төлешовтен тәркіленген 24 жылқы ұлттық спорт мектебінің қарамағына өткен жылдың маусымында беріліпті. Ат қорадағы 62 жылқының қатарында тұрған 11 бие мен 13 айғырдың арасында таза ағылшын тұқымдысымен қатар ағылшын-тракен, ағылшын-араб, Ақалтеке тектілері де бар. Ең арзаны 238 мың теңге тұрса, алды 2,5 млн теңгенің сәйгүлігі. Алайда, қанша асылтұқымды болғанмен, құр баққаннан олардан спорт мектебіне келетін пайда шамалы көрінеді. Өйткені сәйгүліктердің көбі кәрі екен.

Ғани Ахметбаев, ОҚО балалар мен жасөспірімдерге арналған мамандандырылған ұлттық спорт мектебінің директоры:

Жасы үлкен. Онан кейін спортқа  бейім емес. Ал ол спортқа бейім емес жылқымен біз балалармен жұмыс істеуіміз өте қиын. Себебі ол жарақат алуы мүмкін. Оларды аукцион түрінен ба сатып, оны жеке адамдар алса, мүмкін, әрі қарай оның, бәлкім,  бір жыл болсын, екі жыл болсын тұқымын алады ма, сондай, тұқымын алып қалса деген ойым да... Бірақ спортқа оны бәйге шаптырып, конкурстарға аттарды қинаудың қажеті жоқ.

Айта кетейін, Төлешовке тиесілі болған 24 жылқының әзірге төртеуі ғана спорттық жаттығуларға жарайды екен. Ұлттық спорт мектебінің атбегілері соларды алдағы уақытта жарыстарға қатыстыру үшін баптап жатқандарын айтты.