Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ақ үйге ресми сапары әлемдік БАҚ назарында

AstanaTV
17.01.2018ж. 20:00
2803
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ақ үйге ресми сапары әлемдік БАҚ назарында

Астана мен Вашингтон арасындағы өзара қарым-қатынастың жаңа дәуірі. Мемлекет басшысының АҚШ-қа ресми сапарын әлем жұртшылығына осындай сарында ақпарат тарап жатыр. Жетекші бұқаралық ақпарат құралдары кездесу кезінде бірлескен саяси мәлімдемелер қабылданғанын жарыса жазды. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ақ үйге жасаған ресми сапары әлемдегі көптеген БАҚ-ның жіті назарында. Сондай ақ АҚШ-тағы кездесулерді Американың жетекші телеарнасы CNN тікелей эфирде көрсетті.

Шетелдік журналистер екі елдің сыртқы саясат мәселесімен қатар бизнес-әріптестігі жайлы талқылады. Масс-медианың назарынан Корея түбегіндегі жағдай да тыс қалмады.  The Washington Post Дональд Трамптың «Қазақстан Cолтүстік Кореяның ядролық бағдарламасының алдын алу мәселесінде әріптес елге айналып отыр» деген сөзін келтірді. Сондай-ақ басылым екі ел басшысының ынтымақтастықты нығайтуға және сауда мен инвестиция саласындағы әріптестікті тереңдетуге келіскенін атап өткен.

The New York Times газеті де маңызды басқосуда айтылған ядролық қару төңірегіндегі қос ел президентінің пікірлеріне тоқталған. 

Ал The Wall Street Journal: "Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сауда және экономикалық байланысты нығайту мақсатында АҚШ-тың бизнес өкілдерімен кездеседі", - деп хабарлады. «Ассошиэйтед пресс» агенттігі Назарбаевтың Америка президентін ел басқаруға келгеніне бір жыл толуына орай құттықтауын жеткізген. "Сондай-ақ корпорациялар мен жеке кәсіпкерлер үшін салықты азайту бойынша заң жобасына қол қоюы құптарлық екенін атап өтті" делінген халықаралық агенттік жариялаған мақалада.