Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Егер КХДР жаңа арандатушылықтарды бастаса, АҚШ санкцияларды күшейтеді - Тиллерсон

AstanaTV
17.01.2018ж. 20:00
2208
Егер КХДР жаңа арандатушылықтарды бастаса, АҚШ санкцияларды күшейтеді - Тиллерсон

Корей Халық Демократиялық Республикасы жаңа арандатушылықтарды бастаса, АҚШ бұл елге қарсы санкцияларды күшейтеді. Бұл туралы Мемлекеттік хатшы Рекс Тиллерсон мәлімдеді, деп хабарлайды Рейтерс. Тиллерсон Пхеньянға бұл қысым келіссөздер өткізуге қарсылық білдірмеуі үшін жасалып отыр деді. Ал АҚШ қашанда диалогқа дайын екенін айтты.

"Ал Корей Халықтық Хемократиялық Республикасы тарапынан жаңа арандатушылықтарға жол берілсе, қадам қандай болмақ", деген сұрақты Тиллерсон жауапсыз қалдырды. Сондай-ақ Америка лидері Дональд Трамп пен  Ким Чен Ын арасында қандай да бір әңгімелесу болды ма деген сұраққа жауап қатпады.

Канаданың Ванкувер қаласында өтіп жатқан жиынға 20 елдің сыртқы істер министрлері қатысты. Талқылауда Ресей мен Қытай, сондай ақ БҰҰ өкілдері де төбе көрсетпеді.

Рекс Тиллерсон, АҚШ Мемлекеттік хатшысы:

Ұлттық қауіпсіздік кеңесі мен президент шешім қабылдамай тұрып, бұл сұрақ төңірегінде түсінік бергім келмейді. Біздің Нью-Йорктегі дипломаттарымыз Солтүстік Корея қандай да бір арандатушылыққа жол берсе, оған қарсы қатаң санкция қолдануымызды қалайды.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА