Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қазақстандықтар желтоқсан айында дүкенге 195 млрд теңге жұмсаған

AstanaTV
17.01.2018ж. 20:00
3178
Қазақстандықтар желтоқсан айында дүкенге 195 млрд теңге жұмсаған

Қазақстандықтар тек желтоқсан айында дүкеннен азық пен зат сатып алуға 195 миллиард теңге жұмсаған. Статистиканы Ranking.kz. жариялады. Бұл 2016 жылы жұмсалған қаражатпен салыстырғанда 24 пайызға артық. Оған, әрине, инфляцияның ықпалы да бар.

Қомақты пайда тапқан алматылық саудагерлер. Халық дүкендер мен сауда орындарына 80,8 миллиард теңге жұмсаған. Қарағанды мен Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары 19 миллиард шығындаған. Ал алматылықтарға қарағанда астаналықтар үнемшіл. Олар 17 миллиард теңге жұмсапты. Бөлшек сауда көлемі Маңғыстауда төмен. 2015 жылғы дағдарыстан бөлшек саудамен айналысатын компаниялар 2,5 пайыз минусқа кеткенін ескерсек, қазір жағдай түзеліп қалған. 2016 жылы ритейл, яғни тұрғындарға тікелей зат сататын саудагерлер табысы 2 пайызға, ал өткен жылы 6,3 пайызға өскен. Осылайша 2017 жылдың үш тоқсанында сауда компанияларының түсімі ішкі жалпы өнімнің 15,5 пайызын құраған.