$489.36 €533.45 ₽4.99
×

«Казкоммерцбанк» 2016 жылғы күдік тудырған келісімді Ұлттық банкке хабарламаған

AstanaTV
03.08.2017ж. 20:00
2361
«Казкоммерцбанк» 2016 жылғы күдік тудырған келісімді Ұлттық банкке хабарламаған

«Казкоммерцбанк» 2016 жылғы күдік тудырған келісімді Ұлттық банкке хабарламаған. Бас банк "Астана" арнасының сауалына осындай жауап қатты. Банкте 2016 жылы ірі көлемде транзакция жасалып, арнайы есеп-шотқа түскен қаражат қысқа мерзімде қайта шешіп алынған. Бірақ қаржы институты бұл сезікті қаржылық операция туралы өкілетті органдарға дер кезінде хабарламаған. Қаржы мекемлерінің ішкі тәртібі бойынша, бұл заңбұзушылық болып есептеледі. Сондықтан «Казкомды» әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылданды, делінген  Ұлттық банк берген жауапта.

Ұлттық Банк:

Сезікті қаржылық операциялар туралы мәліметтер арнайы қаржылық мониторинг жасайтын органға дереу берілуі керек еді. Бірақ «4003» деген кодпен жасалған күдік белгісі бар қаржылық транзакцияны банк жасырып қалған. Бұл әкімшілік заңбұзушылық арнайы түбіртекпен дәлелденіп, құжаттарды тексеру барысында анықталды. 

«Казком» қаржы инситутын әкімшілік жауапқа тарту туралы қаулыны Алматы қалалық әкімшілк істер жөніндегі мамандандырылған соты шығарған. Мұндай айып үшін айыппұл көлемі шағын кәсіпкерлік субъектілер үшін 250 айлық есептік көрсеткіш, ал ірі кәсіпкерлік мекемелер үшін 900 айлық есептік көрсеткіш болып белгіленген. Соңғысының сомасы 2 миллион теңге шамасында. Алайда, сот шешімімен келіспеген «Казком» сотқа қайта шағымдануы мүмкін екенін хабарлады.