$498.34 €519.72 ₽4.85
×

«Қазфосфат» серіктестігі былтыр өнім өндіру көлемін 49 пайызға артығымен орындаған

AstanaTV
18.01.2018ж. 20:00
2905
«Қазфосфат» серіктестігі былтыр өнім өндіру көлемін 49 пайызға артығымен орындаған

Жамбылдағы «Қазфосфат» серіктестігі былтыр өнім өндіру көлемін 49 пайызға артығымен орындап, қазынаға бір жылда 11 млрд теңге салық түсірген. Яғни 2016 жылы 62 мың тонна сары фосфор өндірсе, былтыр оны 80 мың тоннаға жеткізген. Ал, фосфорлы минералды тыңайтқыштар өндіруді 330 мың тоннаға өсіріпті. Алдыңғы жылы бұл меже 140 мың тонна ғана болған еді. Бұл сандар  аталған серіктестіктің «Жаңа жамбыл фосфор зауыты» бастауыш партия ұйымының жолдауды талқылаған жиынында белгілі болды.

«Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалының бастамасымен болған шарада зауыт басшылығы индустрияландыру бағытына басымдық беріп отырғанын айтты. Ал, Елбасы тапсырмасымен еңбек өнімділігі де өскен. Бір жұмысшыға кететін бір жылдық қаржы 14 млн теңгеден асқан. Ал, Қазақстандағы химия өндірісінің отаны саналатын Жамбылдағы «Қазфосфат» серіктестігінде бүгінде 6 100 адам жұмыс істейді. Бүгін аймақтағы алып химия өндірісінде жұмыс істейтін 10 адам партия құрамына алынды. Оларға салтанатты түрде партиялық билеттері тапсырылды. 

Мұқаш Ескендіров, «Қазфосфат» ЖШС бас директоры, «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің мүшесі: 
 
2017 жылы өнім шығару көлемі 89 млрд теңгеден асты. Сату көлемі 92 млрд теңгеден асты. Өнім шығару көлемін 2016 жылға қарағанда 49,5%-ға ұлғайттық. Еңбек өнімділігі 25%-ға артты. Компаниямыз 90%-дан артық шыққан өнімді экспортқа шығарып жатыр. Географиямыз өте үлкен.