Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

АҚШ Мемлекеттік департаменті Түркияны сириялық күрдтерге қарсы қандай да бір күш көрсетпеуге шақырды

AstanaTV
19.01.2018ж. 20:00
2034
АҚШ Мемлекеттік департаменті Түркияны сириялық күрдтерге қарсы қандай да бір күш көрсетпеуге шақырды

АҚШ Мемлекеттік департаменті Түркияны сириялық күрдтерге қарсы қандай да бір күш көрсетпеуге шақырды. Оның орнына ДАИШ лаңкестерімен күресуді ұсынады. Бұл туралы Рейтерс агенттігі Америка мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Хизер Науэртке сілтеме жасап хабарлады.

Бұған дейін Wall Street Journal Вашингтон Ирак пен Түркиямен шектесетін жерде өз аумақтарын қорғау үшін 30 мыңдық күрд жасақтарын құруға тырысты деп жазды. Алайда, Анкара оларды террористік жасақ деп қабылдап, оларды құру Түркия ұлттық қауіпсіздігіне төнген қауіп деп есептейді. Түркия Бас штабы Сириямен шектесетін жерге танк пен басқа да әскери техника жеткізген. Сақадай сай тұруға бұйрық берілген. Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Анкара сириялық Афринда күрдтер бақылайтын аумақ құруына жол бермейтінін мәлімдеді. Ал Дамаск бұл аумақта Түркия әскери күш көрсететін болса, ол Сирия мемлекеттігіне қарсы агрессия ретінде қабылданатынын білдірді.