Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қазақстан әуежайларының тарифі 13 жылдан бері өзгермеген

AstanaTV
19.01.2018ж. 20:00
2117
Қазақстан әуежайларының тарифі 13 жылдан бері өзгермеген

Қазақстан әуежайларының тарифі 13 жылдан бері өзгермеген. Бұл туралы «Airport Management Group» өкілдері хабарлады. Сондықтан компанияның баспасөз қызметі таратқан мәліметте әуе компаниялардың қызмет бағасы көтерілді деуі негізсіз делінген. 

Естеріңізге салсақ, кеше әуе компания өкілдері баспасөз жиынын өткізіп, қызметтер құнының қымбаттауына шағымданған еді. Соның салдарынан Вritish Airways, Air Baltic, Czech Airlines компаниялары Астанаға қатынауды мүлде тоқтатқан. Ал Austrian airlines, KLM және Asiana Airlines компаниялары қатынасты уақытша доғаруға мәжбүр болып отырған көрінеді. Ал кейбірі әзірге тек рейстерінің санын қысқартқан көрінеді.