$487.37 €532.94 ₽5.09
×

Бишімбаев ісімен айналысып жүрген прокурорлар экс-министрге жаңа айып тақпақ

AstanaTV
19.01.2018ж. 20:00
2854
Бишімбаев ісімен айналысып жүрген прокурорлар экс-министрге жаңа айып тақпақ

Бишімбаев ісімен айналысып жүрген прокурорлар бұл іске қатысты жаңа айып актісін ұсынбақ. Бұл туралы бүгінгі сот отырысында мәлім болды. Ол 22 қаңтарға белгіленген. "Аса ірі көлемде пара алу", "сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салу"  баптарымен айып тағылған Қуандық Бишімбаев ісі әлі аяқталар емес.

Бүгін сот алдында тергеушілер куәлік етті. Мемлекеттік қызмет істері және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 3 тергеушісі экс-министрдің ағасы Нұрлыбек Сұлтанды сот қалай ұстағандарын айтып берді. Ал Қуандық Бишімбаевтың қорғаушылары агенттік тергеушілерінің сот алдындағы жауаптарының шындыққа жанаспайтын айтты. Олардың айтуынша, қылмыстық іске қатысты құжаттарды тапсыру кезінде және көрсету кезінде агенттіктің тергеушілері тарапынан аудио- және видеожазбалар болмаған.

Сәлімжан Мусин, Қ. Бишімбаевтың қорғаушысы:

Менің ойымша, бұл жерде агенттік тергеушілері тарапынан өрескел қателік кетті. Яғни құжаттарды көрсету кезінде Бас прокурордың бекітілген ережелеріне сәкес, олар аудио- және видеожазбаға түсіру қажет. Тергеуші заң шеңберінде жасадық деп отыр. Ол оның пікірі. Сонымен бірге, тергеушілер 2016 жылдың 9 тамызында қылмыстық істі тіркеу кезінде қойылатын ведомствоның мөрі кешіктіріліп қойылған.