Ұлт мәдениетінің жоғарылауы дамыған өркениетке жетелейді. Қызылжарда "Нұр Отан" партиясының филиалында «Мирас» қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Жиын қатысушылары президенттің биылғы жолдауын талқылады. "Мирас" мемлекеттік емес ұйымы білім және мәдениет саласын қамтиды. Сондықтан кеңеске адами капитал мәселесі салынды. Ұйым мүшелері ел президентінің жастар біліміне қолдау көрсетуінің маңызды екенін айта кетті. Олар бұл игі әрекетті тиімді инвестиция деп атады. Себебі білімді жастар - бәсекелестікке қабілетті елді қалыптастырады, дейді жиын қатысушылары.
Артур Молдағұлов, «Нұр Отан» партиясы СҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары:
Елбасының
жолдауы қазір Қызылжар өңірінде қызу талқыланып жатыр. Біз зауыт және өзге ірі
кәсіпорын ұжымдарымен кездесіп, Ел президенті жүктеген негізгі тапсырмалар
жайында ой бөлісеміз. Партия үшін ең маңызды бағыт - адами капиталды жаңғырту.
Қазір оны дамыту үшін ақпараттандыру және цифрландыру жұмыстары қолға алынған.
Ал халқымыз үшін ең басты міндет - әлемнің 30 дамыған елдері қатарына кіру.