$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Сазды өзенінде балық қырылды

24.03.2026ж. 16:19
Сазды өзенінде балық қырылды
Фото: Алтынай Сағындықова

Ақтөбе қаласының ортасымен ағатын Сазды өзенінде 20 келі балық жиналған. Балық сынамасы талдауға жіберілді. 

Тобыл-Торғай облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері өзенге барып, алабұға мен табан балығының шабағын жинады. Салмағы — 20 келі. Балық пен судан сынама алынып, зертханаға жіберілді. Зертханалық талдаудан соң балықтың қырылу себебі анықталады, — деп хабарлады Тобыл-Торғай облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы.