$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Батпаққа батқандар құтқарылды, арасында бала бар

24.03.2026ж. 14:43
Батпаққа батқандар құтқарылды, арасында бала бар
Фото: ТЖМ

Жамбыл облысы 112 пультіне Нұрлыкент ауылынан 10 шықырым жерде орналасқан жолда жеңіл автокөлік батпаққа батып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті.

 ТЖД күштерімен автокөлік жолдың тазартылған бөлігіне шығарылды. Көліктің ішінде 5 адам, оның ішінде 1 бала болған.

Зардап шеккендер жоқ, медициналық көмек қажет болмады.