Қарағанды облысының Дубовка ауылында 5 адам иіс тиіп қайтыс болды. Тағы бір адам аурухананың жан сақтау бөліміне жеткізілген. Оқыс оқиға өткен жексенбіге қараған түні ауылдағы бір бөлмелі саман үйде болған. Баспананы егде жастағы ерлі-зайыптылар ересек балаларымен бірге жалдап тұрған. Олардың барлығының үйдегі ит, мысықтарымен бірге көмірқышқыл газына уланып, ұйқыдан оянбастан жан тапсырғандары анықталды. Куәгерлердің айтуынша, марқұмдардың өлі денесін отбасылық достары тауып алған. Сөйтіп, құтқару қызметтеріне хабарлаған. Қазіргі таңда, 34 және 37 жастағы қыздары мен 57 жастағы аналарының тұлғалары анықталды.
Амангелді Бексейітов, куәгер:
5 адам. Екі еркек, үш қыз, әкесі мен мамасы ғой. Пештен получается. Ит те, мысық та уланған. Жазда пешті, құдықтарды жақсы тазалау керек. Просто қыста істемейді ғой.
Біржан Кәрімов, Қарағанды облыстық ТЖД бастығының орынбасары:
Алдын
ала тексеру барысында 5 адамның да пештен шыққан көмірқышқыл газына уланғаны
анықталды. 3 әйел адамның аты-жөні белгілі. Екі ер адамның тұлғалары анықталып
жатыр.