$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Таудағы түнгі іздеу операциясы сәтті аяқталды: жоғалған отбасы табылды

24.03.2026ж. 18:43
Таудағы түнгі іздеу операциясы сәтті аяқталды: жоғалған отбасы табылды
Фото: ТЖМ

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында құтқару операциясы жүргізілді. Екі ересек пен екі баладан тұратын отбасы Шонжы кенті маңындағы демалыс аймағынан Алматыға қарай автокөлікпен жолға шығып, кейін байланысқа шықпай қалған.

Түн бойы Алматы облысының құтқарушылары және «Барыс» жасағы жоғалған отбасын іздеді. Жағдайды отағасының ұялы телефоны сөндірілгені және тауда қарлы ауа-райының сақталуы күрделендіре түсті.

Телефон биллингін тексеріп, Бартоғай су қоймасы аймағын зерттеген құтқарушылар, таңғы 5-те Ассы платосы маңында, қарға тұрып қалған көліктен жоғалған отбасын тапты.

Ересектер мен балаларға медициналық көмек қажет еместігіне көз жеткізгеннен кейін, құтқарушылар көлікті тазартылған жолға шығарды.