Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Өскеменде нұротандықтар ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне қамқорлық көрсетті

AstanaTV
22.01.2018ж. 20:00
2590
Өскеменде нұротандықтар ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне қамқорлық көрсетті

Өскеменде майдангерлер мен тыл ардагерлеріне қамқорлық көрсетілді. Мұны «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы мен ардагерлер кеңесінің өкілдері ұйымдастырды. Бүгінде ШҚО-да 315 ҰОС ардагері бар. Солардың бірі - Надежда Коблова. Соғыс даласында байланысшы болып қызмет атқарған ол жеңісті Берлинде қарсы алған. Дәл сол жылы Брестте тұрмысқа шығады. Қазір Надежда әжей 94 жаста. Денсаулығы сыр берген кезде арнайы таратылған телефонның «sos» тетігін басып, дәрігерлермен байланысқа шығады. Қажет болған жағдайда жедел жәрдем де шақыртады екен.

Әнуарбек Мұхтарханов, «Нұр Отан» партиясы ШҚОФ төрағасының бірінші орынбасары:

Халіңіз қалай? Дәрігерлер келіп тұра ма? Өкпе-шағымыңыз бар ма?

Надежда Коблова, соғыс ардагері:

Құдайға шүкір, бәрі жақсы. Қызым көмектесіп тұрады. Басым ауырса, бірден телефон шаламын. Дәрігерлер де мені танып алған: «Надежда Ивановна, тыныштық па? Қандай көмегіміз керек? Қай жеріңіз ауырып тұр», - деп құрақ ұшады. Жедел жәрдем де құстай ұшып, тез келеді.