Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Шымкентте қолөнершілер арнайы оқытылады

AstanaTV
22.01.2018ж. 20:00
2430
Шымкентте қолөнершілер арнайы оқытылады

Оңтүстік Қазақстан облысында қолөнермен айналысқысы келетіндер арнайы курсқа тегін қатыса алады. Бұл үшін аймақта «Оңтүстік қолөнершісі» пилоттық жобасы қолға алынды. Ол облыс әкімінің бастамасы.

Жоба аясында биыл 300 қолөнерші 3 айлық оқу оқитын болады. Өнерге баулитын қолөнер шеберіне әр оқушы үшін ай сайын 30 мың теңге, ал үйренушілерге 16 759 теңге стипендия төленбек. Ал өзге аудандардан келушілердің жол шығыны мен жатын орнының ақысы өтеледі. Ұлттық өнерді ұлықтайтын ерекше жоба аясында кілем тоқу, киіз басу, ағаштан түйін түю, зергерлік, керамика сынды қолөнердің небір түрі үйретіледі. Курсты үздік бітірген 20 түлекке облыс әкімінің арнайы гранты тағайындалмақ. Бұл жжоба халқымыздың ата кәсібі мен салт-дәстүрін насихаттаудан бөлек, туризмді дамытуға да ықпалы тиеді деп санайды ұйымдастырушылар. Мұндай орталықтарды аудан орталықтарында да ашу көзделіп отыр.