Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Премьер-министр үскірік аязға байланысты бірқатар тапсырмалар берді

AstanaTV
23.01.2018ж. 20:00
2621
Премьер-министр үскірік аязға байланысты бірқатар тапсырмалар берді

Елде сақылдаған сары аяз күшейді. Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев үскірік кезінде қызметкерлерді жұмыста кешке дейін бөгемеуге шақырды. Ал облыс әкімдеріне жылу орталықтары, оның ішінде шағын қалалардағы жылыту қазандықтарының жұмысын қатаң бақылауға алуды тапсырды. "Ауруxана, мектеп, балабақша сияқты әлеуметтік нысандарға ерекше назар аударылуы қажет. Қоғамдық көлік кесте бойынша жұмыс істеуі тиіс. Қазіргі жағдайға байланысты "102" диспетчерлік қызметі үздіксіз жұмыс істеуі керек. Ішкі істер министрлігі автожолдарды бақылап, көлік құралдарының қозғалысына шектеу қою туралы шешімді дер кезінде қабылдауы шарт", - деді Үкімет басшысы.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрі:

Отдельно обращаюсь к руководителям госорганов и организаций, частных компаний - не задерживать своих работников допоздна на рабочих местах. По возможности организовать централизованный развоз сотрудников. Аскар Узакпаевич, все эти вопросы на Вашем контроле.