$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Жыл соңына дейін теңге бағамы 310-315 теңгеге дейін нығаюы мүмкін, деп болжайды сарапшылар

AstanaTV
23.01.2018ж. 20:00
2976
Жыл соңына дейін теңге бағамы 310-315 теңгеге дейін нығаюы мүмкін, деп болжайды сарапшылар

Жыл соңына дейін теңгенің долларға шаққандағы бағамы 310-315 теңгеге дейін нығаюы мүмкін. Экономист сарапшылар  осындай болжам жасап отыр. Мамандар бұған Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа сапарының әсері де жоқ емес деген ойда. Және де баррелі үшін 70 долларға жақындаған мұнай бағасының да ықпалы бар. Оған қоса негізгі әріптесіміз Ресей рублінің долларға шаққандағы бағамы күшейіп бара жатыр, дейді сарапшылар. "Бірақ бұл Қазақстан сияқты өндіруші елге тиімсіз, индустриалды-инновациялық бағдарламаларға салқынын тигізіп, біздің өніміміздің әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді. Сондықтан теңгенің бір теңгерімде тұрғаны жақсы", - дейді экономист Сапарбай Жобаев.

Сапарбай Жобаев, экономист:

Бар болғаны 3-ақ пайыз. 335-тен деп есептесек, 325-ке түскені бұл 10 теңге. Егер де мұнай бағасы осы деңгейде тұра берсе, 70 доллардан, мүмкін, одан да жоғары болатын болса, біздің ЖІӨ-міз өткен жылы 4 пайызға өсті. Егер осындай бізге қолайлы өсулер бола берсе, біздің теңгеміз бұдан да күшеюі мүмкін. Мүмкін, 310-ға дейін түсуі мүмкін. Өндіруші мемлекет болғасын, бізге теңгеміздің азғантай болсын девальвация болып тұрғаны, яғни өзінің бағасы құнсызданып, өндірушілерге табысы көбірек болуы инфляцияның 1,2,3 пайыз жоғары болуы қажет.

Ұлттың банк теңгенің ресми бағамын 324, 65 деп берсе, валюта айырбастау орталықтары бір долларды 322 теңгеден сатып алып, 323 теңгеге саудалап жатыр. Ал ресейлік сарапшылар жылдың орта тұсында теңге бағасы 325-327 теңгеге дейін ауытқуы мүмкін екенін де болжайды. Дегенмен, бағамның тұрақталғанына сенім пайда болса, әсіресе шикізаттық емес сала қуаттырақ іске қосылатынын айтады.

Петр Пушкарев, «TELETRADE» компаниялар тобының бас сарапшысы (Ресей):

Ақпан айының соңына бағам 322-ге жетеді деп болжағанбыз. Алайда бағам біздің болжамымыздан бұрын келіп жатыр. Ал жыл соңына деген болжам 315-318 дәлізінде болмақ. Жарты немесе бір жылға депозиттер ашып, жыл соңында немесе келесі жылдың басында баспана сатып алуды жоспарласа, тиімді болады.