Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Қазақстанда ұшақтардың қауіпсіздігін қадағалайтын жаңа ұлттық компания құрылуы мүмкін

AstanaTV
23.01.2018ж. 20:00
2825
Қазақстанда ұшақтардың қауіпсіздігін қадағалайтын жаңа ұлттық компания құрылуы мүмкін

Қазақстанда ұшақтардың қауіпсіздігін қадағалайтын жаңа ұлттық компания құрылуы мүмкін. Бұл туралы Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді. Британия үлгісімен құрылатын компанияға Азаматтық авиация комитеті мамандарының тең жартысы ауысады. Бүгінде министрлік жалақысына қауіпсіздікті дұрыс тексеретін білікті маман тарту мүмкін емес, дейді министр. Сондықтан Ұлттық компания құруды ұсынды. Қазір жауапты комитетте 76 инспектор жұмыс істейді. 

Жеңіс Қасымбек, ҚР Инвестициялар және даму министрі:

Часть сотрудников, а именно инспектора, перейдут в Нацкомпанию. За Министерством по инвестициям и развитию сохранятся функции по формированию государственной политики. 

Еске салайық, былтыр елде 11 әуе апаты болып, 5 адам қаза тапты. Шағын авиация паркі 80 әуе техникасымен толыққан. Апаттардың көбеюі ұшақ пен тікұшақтың көп сатылып алынуына  да байланысты, дейді министр.