Adv pic
$475.25 €505.52 ₽4.95
×

Лесото корольдігі ЭКСПО-2017 көрмесі аясында ұлттық күнін атап өтті

AstanaTV
31.07.2017ж. 20:00
2794
Лесото корольдігі ЭКСПО-2017 көрмесі аясында ұлттық күнін атап өтті

Оңтүстік Африка өңірінде қоныс тепкен Лесото корольдігі де ЭКСПО-2017 көрмесі аясында ұлттық күнін атап өтті. Бұл мемлекет өзінің жер қойнауынан көлемді алмаз тастар өндірумен танымал. Африка өңірінде орналасса да мәдениеті көршілес елдерімен салыстырғанда айтарлықтай өзгеше екенін байқауға болады. Ел жер бетінен айтарлықтай биік нүктеде орналасқандықтан, олар жылы жамылғы жауып жүргенді жөн көреді. Ұлттық киім жүннен тоқылған. Бұл елдің "Аспандағы корольдік" деген де атауы бар. Өйткені биік тауда тұратын жалғыз анклав-ел. Мұндағы жұрт көлік пайдаланбайды. Сондықтан табиғаты мен экологиясы қаз-қалпында. Көрмеге олар алмаз тастарын әкелмеген, дегенмен, көрмеге зергерлік әшекей бұйымдарын қойды.

Тэфо Мапесела, Лесото Корольдігінің сауда және өндіріс министрі:

Қазіргі кезде біздің ел әлем бойынша алмаз тастар өндіруден 9- шы орында. Біз осы жылдың соңына дейін алдыңғы 7 мемлекет қатарына кірсек деп отырмыз. Біздегі алмаз әлем бойынша ең сапалы, ең қымбат тастар болып келеді. Ең ірі алмаз тастар арасында 603 караттық «Лесото уәдесі» тасы, Лесото Браун деп аталатын 601 караттық алмаз тастар да бар. 1 караттың бағасы шамамен 2500 доллар көлемінде.