$488.91 €532.62 ₽5
×

Тараздан шыққан көне көліктер керуені ЭКСПО көрмесіне жол тартты

AstanaTV
31.07.2017ж. 20:00
3395
Тараздан шыққан көне көліктер керуені ЭКСПО көрмесіне жол тартты

Көне көліктер көрмеге аттанды. Бүгін елордадағы «ЭКСПОға» ретро машиналар керуені Жамбылдан жолға шықты. Темір тұлпар тақымдаған тараздықтар «мақсатымыз - маңызды шараға келген қонақтардың көңілін аулау» дейді.

Әзірге Әулиеата жерінен Астанаға бағыт алған көліктер саны үшеу. Олардың қатарында ең көнесі - италиялық «Фиат». Ретро машиналар топтамасының көшін бастап тұрған темір тұлпар 1932 жылы шығарылған. Ол - Қазақстанда біреу ғана. Жалғыз дана көлікпен қатар, керуенде 1960 жылы шығарылған ресейлік «Москвич» пен украиналық «Запорожец» те бар.

Марат Есхожаев, Тараз қаласының тұрғыны:

Өзіміздің отансүйгіштік сезіммен сол бір қызметіміз болсын деген ниетіміз бар. Алыс болса да, КамАЗ-ға артпай, өз доңғалақтарымызбен жетеміз деген жооспар бар. Басқа қалалардан ретро машиналары барлар бізге қосыламын десе, біз өте қуанышты боламыз, қосылуды да сұраймыз.

Бірден көз тартатын көне керуенге тараздықтар да қызықтағандар суретке түсіріп жатты.  Ал, көлік иелерінің барлығы қарапайым қала тұрғындары. Олар Астанаға бару үшін темір тұлпарларын толық жөндеп, қайта құрастырған. Енді жол жақсы болса, сағатына 100 шақырым жүріп, Арқа төсіне 4 күнде жетеміз деп отыр.

Константин Ковалев, Тараз қаласының тұрғыны:

Бүкіл әлемдік көрмені «әркім өзін көрсету», әрі «ерекше қырын таныту» деп түсінгеніміз дұрыс. Бізде сол сияқты өз қаламызды, қолымыздан бір нәрсе келетінін көрсеткіміз келеді. Жаңа мен көненің байланысуын көрсеткіміз келіп керуенге шықтық. «Экспо» ерекше бір нәрсе талап етеді. Сол үшін өзіміздің ерекше еңбегімізді алып бара жатырмыз.