$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қазақстандықтар депозитте 8 трлн теңге сақтап отыр

AstanaTV
24.01.2018ж. 20:00
2897
Қазақстандықтар депозитте 8 трлн теңге сақтап отыр

Қазақстандықтар банкте депозит ретінде шамамен 8 трлн теңге сақтап отыр. Осылайша, бір жыл ішінде теңге депозиті 3 есе артқан. Бұл туралы Ranking.kz. хабарлады. Жеке тұлғалардың салымы 8 трлн теңгеге жуықтаса, заңды тұлғалардың корпоративтік салымы 12 пайызға қысқарған. Қазір ол 7 трлн теңге шамасында. Теңгемен депозитке ақша салушылар барлық аймақта өскен.

Ұлттық валютаға сенім артқандар көшін Ақмола облысы бастап тұр. Салым көлемі 34, пайызға өсіп, 91,7 млрд теңгені құраған. Солтүстік Қазақстан облысының салымшылары қаржы ұйымына 99 млрд теңге сеніп тапсырған. Қызылорда облысындағы салым 60 млрд теңгеге жуық. Ал шетел валютасына сенім азайған. Барлық аймақта салым көлемі 12,4 пайызға, яғни 4,3 трлн теңгеге қысқарған.