Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

IWF Илья Ильиннің спорттан шеттету мерзіміне қатысты түсініктеме берді

AstanaTV
24.01.2018ж. 20:00
1895
IWF Илья Ильиннің спорттан шеттету мерзіміне қатысты түсініктеме берді

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы, Илья Ильиннің екі бірдей допингке қатысты ережені бұзғанына қарамастан, не себепті спорттан тек екі жылға шеттетілгенін түсіндірді. Оған ауыр атлетшінің Бейжің олимпиадасынан кейін Лондон олимпиадасына дейін ережені бұзғанын білмегені себеп болған.  Сондықтан мәселені спортшы қасақана екі рет ережеге қайшы келді деп қарауға негіз болған жоқ дейді. Сондықтан әлемнің 4 дүркін чемпионының шеттетілу мерзімі осы жылдың шілдесінде аяқталады. Дегенмен, Ильин зіл темірді көтеруге тек 2018 жылдың қазан айында шыға алады. Себебі осы уақытта біздің құрамаға салынған шеттету алынатын болады. Естеріңізге салсақ, біздің құрамадан өзге шеттетуі алынатын тағы 9 мемлекет бар.


«Барыс» КХЛ кесте турнирының 10-шы сатысына тұрақтады. Астаналықтардың шотында 71 балл бар. Ал, өкшелеп келе жатқан «Кунь-Луня» мен «Адмиралда» 61 ұпай. Сондықтан қалған екі ойында жерлестердің ойынды қандай есеппен аяқтайтыны маңызды емес. Ғалым Мамбеталиевтің шәкірттері осыған дейін 3 ойын қатарынан жеңіліп келген  «Автомобилисттерге» есе жіберіп алды. Осылайша «Барыс» плей-офф кезеңіне шығатын мүмкіндіктен айырылып қалды.


Ал, неміс спортшысы Ангелик Керберге «Australian Open» жартылай финалына жолдама алуы үшін жарты сағаттай ғана уақыт қажет болды.

Американдық спортшы аса қарсылық та көрсеткен жоқ. Ал белсенді ойын көрсеткен американдық Сандгрен Хён Чоннан бәрібір жеңілді. Корейлік ойыншы бұл жолы көптің назарында. Алдымен жарыстан ағайынды Зверевті шеттетсе, кейін Новак Джоковичта қарсы тұра алмады. Жартылай финалда әлемдік теннистің басты жаңалығы - Роджер Федерер мен Томаш Бердых жолығады деп күтіліп отыр.