$494.87 €520.65 ₽4.91
×

2017 жылы мемлекеттік сатып алулардың 63% өтпей қалды деп танылған

AstanaTV
25.01.2018ж. 20:00
2673
2017 жылы мемлекеттік сатып алулардың 63% өтпей қалды деп танылған

Былтыр мемлекеттік сатып алулардың 63 пайызы өтпей қалды деп танылған. Демек, осыншама тендер бір көзден сатып алынған. Биыл жыл басынан бұл көрсеткіш 80 пайызды құрап отыр. Бүгін мәжілісте "Квазимемлекеттік сектордағы мемлекеттік сатып алулар" туралы заң жобасы таныстрылды. Мемлекеттік сатып алу өтпей қалған жағдайда, тапсырыс беруші бір қызмет көрсетушіні таңдайды. Бірнеше бәскелес "қағаз жүзіндегі" талаптарға сай келмей, шетінен шеттетіледі. Соңында бір ғана компанияның тендерді жеңіп кетуі күдік туғызады. Сондықтан тендерге қатысушыларға талаптарды жеңілдету қаралған.

Руслан Бекетаев, ҚР Қаржы министрінің орынбасары:

Мәселен, құны 16 млрд 1 лот. Қатысушы саны - 13. Оның бірде бірі талапқа сай келмейді деп, тапсырыс беруші ысырып тастайды. Сондықтан сатып алуға қатысуышыларға талапты жеңілдетеміз. Бірінші, қағаз жүзіндегі техникалық талаптан бөлек, кезекте салық коэффициенті, қаржылық жағдайы және тәжіриесі, беделі ескеріледі.

Заң жобасында үш басты өзгеріс бар. Ол талап бұзылған жағдайда квазимемлекеттік сектор қызметкерлерін әкімшілік жауапкершілікке тарту. Екінші, барлық сатып алу электронды жүйеге көшеді. Үшінші, мемлекеттік сатып алуды өткізудің ортақ тәртібін бекіту. Оған "Самұрық-Қазына" қатыспайды.

Руслан Бекетаев, ҚР Қаржы министрінің орынбасары:

Бұл шектеу алдағы IPO-ға байланысты. "Самұрық-Қазына" және бірқатар халықаралық сарапшылар мемлекеттің корпоративті секторға араласуы инвестиция тартуға кедергі болады деген пікірде.