Негізгі / Жаңалықтар / Ақтөбе облысында 52 адам өртеніп кеткен автобус жүргізушілері қамауға алынды

Ақтөбе облысында 52 адам өртеніп кеткен автобус жүргізушілері қамауға алынды

Ақтөбе облысында 52 адам өртеніп кеткен автобус жүргізушілері қамауға алынды. Ақпарат облыстық прокуратура сайтында жарияланды. Ондағы деректерге сүйенсек, 3 жүргізушінің қылмысқа қатысы бар екені анықталған. Тергеу кезінде олардың көлік пайдалану ережесін бұзғаны және дәнекерлейтін құралды пайдалануда қауіпсіздік ережелерін сақтамағаны белгілі болған.

Күдікке іліккен автобустың үш жүргізушісі де уақытша ұстау абақтысына қамалған. Ал тергеу ісі Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің бақылауында.

Ақтөбе облысындағы қайғылы оқиға қаңтардың 18-і күні болған еді. Салонда болған 57 адамның 52-сі тірідей өртеніп кеткен. Олар Өзбекстан азаматтары. Апаттан аман қалған 3 қазақстандық жүргізуші мен 2 өзбекстандық азамат дәрігерлердің бақылауында болып, бүгін ауруханадан шығарылған болатын.