Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

«Азық -түлік» корпорациясы астық сақтау мерзіміне байланысты қосымша төлемді алып тастады

AstanaTV
25.01.2018ж. 20:00
2672
«Азық -түлік» корпорациясы астық сақтау мерзіміне байланысты қосымша төлемді алып тастады

Диқандар тілегі орындалды. «Азық -түлік» корпорациясы "квотамен астық тапсыратын" шаруалардан бидайды сақтағаны үшін ақы алмайтын болды. Бұған дейін шаруалар корпорацияның жаңа ереже енгізгенін айтып, арнамызға шағымданған еді. Олар Ауыл шаруашылығы министрлігіне де хат жолдаған болатын. Материал эфирге шыққан соң, ол ереже күшін жойған. Мұны "түйткілдің түйіні шешілді" деп қуанған Қостанай облыстық фермерлер одағының төрағасы Владимир Дранчук айтты.

Владимир Дранчук, облыстық фермерлер одағының төрағасы:

Республикалық арна болғандықтан, тек Қостанай емес, түгел ел көреді ғой. Сондықтан тауар өндірушілердің талабын баршаға жеткізу, әсіресе шешім қабылдайтын адамдарға жеткізу өте маңызды болды. Қостанай облысына бөлінген квота көлемі 640 мың тонна деп алатын болсақ, аймақ диқандары бидайды сақтау үшін 640 миллион теңге төлейтін еді.

2017 жылдың соңында үкімет диқандардан барлығы 2 миллион тонна астық сатып алу жөнінде шешім қабылдаған еді. Бидайдың бір тоннасы 42 мың теңгеге бағаланды. Қостанайлық шаруаларға 643 мың тонна астық тапсыруға квота бөлінді.