Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Астанада террорлық қауіпсіздік талаптарын орындамаған мекемелерге 2 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды

AstanaTV
25.01.2018ж. 20:00
2123
Астанада террорлық қауіпсіздік талаптарын орындамаған мекемелерге 2 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды

Астанада террорлық қауіпсіздік талаптарын орындамаған мекемелерге 2 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды. Бұл туралы бүгін Астана қаласы ІІД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы Мадияр Айтуғанов айтты.

Тексеріс кезінде 1 мың нысан сүзгіден өткен. Заңды талаптарға сай келмеген нысандардың жетекшілеріне 44 әкімшілік хаттама толтырылған. Заңға сай террорлық қаупі бар нысандарда бақылау жүйесі орнатылып, қызметкерлері оқытылуы тиіс. Егер бұл талаптар орындалмаған жағдайда, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сай, хаттама толтырылып, 100-ден 500-ге дейінгі айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.

Мадияр Айтуғанов, Астана қаласы ІІД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы:

Көрсетілген объектілер 4 түрге бөлінеді. Бірінішіден, аса маңызды мемлекеттік объектілер, екіншісі - стратегиялық объектілер, үшіншісі – қауіпті өндірістік объектілер. Төртінші - адамдардың жаппай жиналатын объектілері.