Павлодарда
құбырдың жарылуынан 40-тан астам жан-жануарынан айрылған зообаққа 2,5 миллион
теңге шығын келген. Зообақ иесінің адвокаты осылай деп отыр.
Бүгін Павлодар
облыстық ауданаралық экономикалық сотта тараптардың алдын ала кездесуі өтті. Негізгі процесс қаңтардың 29-нан басталмақ. Ольга Горбикова әлі де есін
жия алмай жүргенін айтады. Десе де, сүйікті ісін ысырып қоймаған. Қазір де
кәсібін қайта бастау үшін, жаңа нысанды жалға алыпты. Ал апат болған ғимараттың
қожайыны оқиғадан кейін онымен кездеспеген, тіпті шығынды өтеуге құлықсыз, дейді
зообақ иесі.
Виталий Терновский, заңгер:
Келген шығын шамамен 2 жарым млн теңгені құрайды. Сондықтан біз бұл соманы толықтай өндіріп алуға ниеттіміз.
Оқиға
желтоқсанның 16-сынан 17-не қараған түнде болды. Зообақ орналасқан аядай
бөлмеде жылу құбыры жарылған. 40-тан астам хайуан қырылған. Жердегілер қайнаған
суда күйіп өлсе, торда тұрғандар ыстық будан тұншығып қалған.