Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Алматыдағы трамвай рельстерінің бір бөлігі 123 миллион теңгеге сатылған

AstanaTV
25.01.2018ж. 20:00
2198
Алматыдағы трамвай рельстерінің бір бөлігі 123 миллион теңгеге сатылған

Алматыдағы трамвай рельстерінің бір бөлігі 123 миллион теңгеге сатылған.  Бұл туралы «Алматыэлектротранс» компаниясының өкілі Михаил Чайка мәлімдеді. Оның дерегі бойынша, Өтепов, Шевченко және Қонаев көшелерінен алынған шойын жолдар бір ай бұрын аукционға қойылған. Содан бері сатып алуға ниет білдіргендер қатары көбейіпті. Олардың басым бөлігі - темір балқыту ұйымдары. Осылайша, бұған дейін жиналған рельстердің жарамдылары 8 миллион теңгеге саудаланса, шіріген шойындар темір-терсек ретінде өткізіліп, бюджет қорына 115 милллион теңге көлемінде табыс әкеліп отыр. Ал, қазіргі уақытта қалада Жароков пен Байтұрсынов, Мақатаев көшелеріндегі 30 шақырымдық трамвай рельстерін жинау жұмыстары жүріп жатыр, дейді Михаил Чайка. 

Михаил Чайка, «Алматыэлектротранс» ЖШС өндірістік-техникалық бөлімінің басшысы:

Қоймадағы трамвай рельстеріне техникалық сараптама жасалып, бағалау жүргізілді. Нәтижесінде 81 тонна шойын жолдың ескі болса да жарамды екені анықталып, 1917 тонна рельсті шіруіне байланысты темір-терсекке өткізу жоспарланды. Мүлікті электро-сауда нарығында сату үшін аукционға қойдық. Ескі рельстер бойынша жеңімпаз «ҚазФерроқұрыш» ЖШС, ал қара темірді «Металлкомплект» ЖШС сатып алды.