Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Депутататтар мен қоғам белсенділері сараланған тарифтерді қайтаруды сұрады

AstanaTV
25.01.2018ж. 20:00
2418
Депутататтар мен қоғам белсенділері сараланған тарифтерді қайтаруды сұрады

Депутататтар мен қоғам белсенділері сараланған тарифтерді қайтаруды сұрады. Бұл ұсыныс «Нұр Отан» партиясы фракциясының депутаттары атынан Астана қаласындағы тарифтерді белгілеу жолдары қаралған отырыста айтылды. Бүгінде Үкімет табиғи монополиялар туралы заң жобасының жаңа редакциясын жасап шығарған, қазір құжат мәжілістің қарауында. Депутаттар құжат қабылданса, тарифтер жүйесіне ашықтық енеді деген үметте. Себебі тарифтік саясатты бақылайтын арнайы кеңес құрылмақ. Ал осыдан екі жыл бұрын алынып тасталған дифференциалды тарифтер баршаға тиімді болады деп отыр. 

Майра Айсина, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Дифференцированный подход өзін ақтады. Дегенмен, қазір ірі кәсіпкерлерді қолдау үшін, оларға тариф өте биік болғандықтан, соны байқайық деп кіргізілген ғой, оларға кішкене төмендетейік деп, бірақ ол халық үшін ауырлау болатын сияқты. Сол себепті тағы бір қарап шығу керек. Біздің мақсатымыз - бәріне тиімді болу керек.

Алайда Ұлттық экономика министрінің орынбасары дифтарифтер қарапайым халыққа тиімді болды дегенді жоққа шығарды. Оның айтуынша, аталмыш тариф жеке секторда тұратын коттедждер үшін ғана қолайлы болды. Есесіне көп қабатты үйлерде тұратын қара халық жеке сектордың шығынын жауып келген. Себебі заң монополиске түнгі тарифтің жеңілдіктерінен келген шығынды, жалпыға ортақ тариф арқылы өтеп алуға мүмкіндік берген. Сондықтан дифференциалды тарифті қайтарудың қажеті жоқ деп түйді.

Серік Жұманғарин, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі:

Электр энергиясының күндізгі тарифі 15 теңге болды. 31 теңге кешкі тариф және түнгі тарифті 4-6 теңге құрады. Түнгі тариф энергияның өзіндік құнынан да төмен болды. Ал жеке сектордағы кейбір тұрғындар айына 6 мегаватқа дейін тұтынған кездер болды. Бұл жерде электр энергиясы үнемделген жоқ. Ол тарифтермен энергияны адамдар тегін пайдаланып келді деуге болады. Ал ірі кәсіпорындар технологиялары келмегендіктен, түнгі тарифке өте алмады. Олар кешкі 7 мен 11 аралығында 31 теңгенің электр энергиясын қолдануға мәжбүр болды. Екі есе қымбат.