Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Туу көрсеткіші бойынша Қызылорда облысы Қазақстанда үшінші орында тұр

AstanaTV
25.01.2018ж. 20:00
2765
Туу көрсеткіші бойынша Қызылорда облысы Қазақстанда үшінші орында тұр

Қызылорда облысы елдегі туу көрсеткіші бойынша үшінші орында тұр.  Бұл жайында бүгін "Нұр Отан" партиясының облыстық филиалында өткен «Мирас» қоғамдық кеңесі отырысында белгілі болды. Жиын барысында медицина жүйесінің даму көрсеткіші, озық технологияларды тәжірибеге енгізу, қағазбастылықтан арылу жайында сөз қозғалды.

Ибадулла Кұттықожаев, "Нұр Отан" партиясы ҚОФ төрағасының бірінші орынбасары:

Бүгін биылғы жылғы Елбасының Қазақстан халқына арналған Жолдауда, оның ішінде озық мемлекеттердің ішінен орын алуға бағытталған он өзекті міндеттері талқыланды. Әсіресе, адами капиталды - халықты - әлеуметтік жағынан қолдау мәселелеріне ерекше тоқталып өтті. Егер де ол білімді, білікті болса, заман талабына сай, өндірісті игеріп жатса, кәсіпті бастап жатса, онда шын мәнінде өркениетті елдердің қатарынан біз орын аламыз. Бұл бағыттарда көптеген жақсы ұсыныстар айтылды, ол ұсыныстар орталық атқарушы органдарға жолданатын болады.